top of page
  • TikTok
  • White YouTube Icon
  • White Instagram Icon
  • White Facebook Icon

Жәнібек Сейдахметов

Лирикалық тенор

«Мен ешкімге еліктегім келмейді. Талант, менің ойымша, бұл адалдық. Сахнаға шығып, сіз залды не баурап аласыз, не жоқ. Егер сіздің көрермендеріңіз концертке келсін десеңіз, өзіндік қасиеттеріңді сақтап қалукерек»

                                          

Жәнібектің музыкаға деген адалдығы мен күшті құмарлығы футболданбастау алған. Бала кезінде бутсы мен чемпионаттарды армандап, тіпті жасөспірімдер құрамасымен туған жері - Қостанай облысының намысын қорғаған. Бірақ барлығын үлкен бір отбасылық мерекеде көрсеткен өнері өзгертті. Сол кеште оның туған тәтесі – оның басты жанкүйер тыңдарманы пайда болды. Ол Жәнібектің талантын байқап қана қоймай, кәсіби дамуға деген оның ұмтылысына қолдап, жаңа әншілік жетістіктерге шабыттандыра білді, Mezzo тобына кастингтегі жеңіс - соның бірі.

 

Жәнібек бұл топқа қалыптасқан эстрада әншісі ретінде келді. Оның Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын Толқын Забированың класында тәмамдап, өзіндік талантын ашудың жаңа белестерін іздей бастаған кезі болатын. Mezzo классикалық кроссовер бағыты тамаша музыкалық вектор болды, онда Жәнібектің лирикалық теноры ерекше әуелей түсті. Алайда, романтикалық бейнесіне қарамастан, ол топтың желпіндіріп отыратын ең көңілді мүшесі.

2.png
bottom of page