top of page

Асан Нұрбергенов

Баритон

Оның дауысының үндері кешкі қаланың ашық терезелерінен жеткен ескі Алматының әуендерін еске салады. Топтың ең жас орындаушысы Асан Нұрбергеновтің жан толғандыратын баритоны тереңдігімен таң қалдырады.

 

Асан Маңғыстау облысында спорт алдыңғы қатарға қойылған отбасында дүниеге келген. Балалық шаңында ол да Жәнібек сияқты футболды армандаған. Бірақ денсаулығы оған кәсіби спортшы болуға мүмкіндік бермеді. Ұлының дауыс ерекшелігін білетін әкесі, оған музыка колледжіне түсуді ұсынды. Ол жерде Асан Андреа Бочеллидің шығармашылығымен танысып, оның орындауын басты бағыт етіп ұстанды. Академиялық ән айту оған шын мәнінде өте ұнап қалды, бүгінгі күні эстрада шыңын ғана емес, опералық сахнаны да бағындырмаққа ұмтылып жүр.

 

«Мен өзімнің інілерім мен қарындастарыма, жанкүйер тыңдармандарыма үлгі болғым келеді», - дейді Асан, жас келбеті салмақтана түсіп... Алайда, қазірдің өзінде үлгі боларлықтай. Өмірдегі барлық жетістіктері  ұзақ уақыт сағаттап істеген зор еңбегінің жемісі. Консерватория, конкурстарға қатысу, сахнада жұмыс істеу және ең бастысы – табиғи дарынын ұдайы дамыту, орындаушылық шеберлігін шыңдау.

 

Асанның мақсатқа жетудегі ұмтылысын әріптестері мен жанкүйер тыңдармандары өте құрметтейді.

3.png
bottom of page