google61f18506d3b19e26.html БІЗ ТУРАЛЫ | MEZZO

БІЗ ТУРАЛЫ

Mezzo - классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі болып табылатын музыкалық стиль -классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ.

 

2012 жылы продюсер Абдель Мухтаров құрған және 4 талантты жас орындаушысы бар Mezzoтобы Bocelli, Il Divo, Josh Groban, Alessandro Safina, Elton John, Elvis Presley, Frank Sinatra және т.б. сияқты орындаушылардың репертуарынан тұратын әндерді, сондай-ақ өзінің авторлық репертуарын қоса алғанда, әлемнің әр түрлі тілдерінде ән шырқайды.

 

Музыкалық білім алған жәнешығармашылықнәзік талғамды Mezzo солистері таңдалған музыкалық жанрзаңдылықтарын сақтай отырып және әр әндіөз стилімен толықтырып танымал музыканың қайталанбас интерпретациясын жасайды.

 

Mezzo тобы туралы алғаш рет 2012 жылы айтыла бастады, олар X-Factor тележобасында жарқ етіп көзге түскен және қызығушылық тудырған топ ретінде бүкіл Қазақстан көрермендерінің сүйіспеншілігіне бөленді. Осы жылды ұжымның құрылған жылы деп санауға болады. Осыдан кейін топ «Жыл адамы» номинациясы бойынша «Алтын Адам - Қазақстандағы жыл таңдауы 2012» сыйлығына ие болды. Ең үздіктер айқындалып, құрамына Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов енгенге дейін Mezzo тобы бірнеше өзгеріске ұшырады.

© 2020 by MEZZO MUSIC   |   info@mezzo.kz   |   +77017203335

  • White YouTube Icon
  • White Instagram Icon
  • White Facebook Icon