google61f18506d3b19e26.html ЖАСУЛАН | MEZZO

Жасұлан Сыдықов

Драмалық тенор

Жұмсақ, әсерлі тенор мен элегиялық бейне. Жасұлан Youtube қолданушыларының есінде осы күйінде қалды. Достарымен бірге әуесқой клиптер түсіріп, желіге салып отырды. Голливудтық сценарий сияқты, қостанайлық бағдарламашы Жасұлан Сыдықовтың сахнаға шығу жолы басталды.

 

Жасөспірім шағында Жасұланға жақсы баға алғаны үшін гитараны сыйға тартты. Ол оның әуендері мен аккордтарын тез арада игеруге кірісті. Көп ұзамай бағдарлама жасау мен басқа әуесқойлықтары ысырылып, музыка алға шықты. Ол тағы бір құралды - өз дауысын зерттеуге ден қоя бастады. Әнге құштарлық Жасұланды Қостанай музыкалық мектебіне алып келді. Сол кездері достарының бірі оған бейнебаянға жазып, желіге жүктеуін ұсынды. Әрине, пәтердегі осы бір түсірілімнің кәсіби өнергке жол ашатынын ол сәтте ешкім болжамдаған жоқ. Ол жай ғана шынайы сезіммен, жүрекке жеткізе әнін айтып жүрді. Көп ұзамай Алматыда Жасұланның талантты орындауы байқалып, оған консерваториядан орын ұсынылды. Жас орындаушы Mezzo - классикалық кроссовер тобына кастинг өткізу жарнамасын сонда жүргенде байқады. Ол бірден қабылданды.

 

«Мен үшін музыка - бұл шынайы сезімге толы ішкі дүниенің монологы. Бұл тек классикаға ғана емес, сонымен бірге қазақтың халық әндеріне де қатысты. Алғашқы нота естілгеннен-ақ, өзімді сол тұңғиыққа сүңгіп кеткендей сезінемін. Мен жан тебірентерлік нағыз музыка бар екендігін адамдардың есіне салғым келеді».

 

Өзінің мойындауы бойынша, ол ешқашан академиялық әнді игере аламын деп ойлаған емес. Оның орындауы классикалық және эстрадалық мәнерде. Топта ол болат біліктей - бұл Асанның «классикалық» вокалын және Жәнібек пен Мейірханның эстрадалық орындауларын бір-бірімен байланыстырады. Сонымен қатар, Жасұлан – Mezzoның бірнеше құрамымен қызметтес болған осы топтың ең тәжірибелі орындаушысы.

© 2020 by MEZZO MUSIC   |   info@mezzo.kz   |   +77017203335

  • White YouTube Icon
  • White Instagram Icon
  • White Facebook Icon