google61f18506d3b19e26.html МЕЙРХАН | MEZZO

Мейірхан Жантұрғанов

Тенор

Мейірхан алғаш рет сахнаға төрт жасында шықты: пианист анасы ұлының өнерге деген бейімділігін байқап, оны көрермен алдына шығарды, кейіннен оны музыка мектебіне берді. Фортепианоны меңгерге отырып, Мейірхан әскери мансапты армандады: ол әкесіне ұқсағысы келді. Оралда Құрманғазы атындағы музыкалық колледжін бітірген соң Әскери академияға түсу үшін Мәскеуге аттанды. Бірақ казармада өткізген екі аптадан соң,  Мейірхан балалық шақтағы  арманының қиял әлемінде қалатынын түсінді. Осыдан кейін Алматыға келіп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Хор дирижері» мамандығына құжаттарын тапсырды. Оқу барысында әр түрлі топтарда, оның ішінде капеллада ән шырқады. Бұл ол үшін баға жетпес тәжірибе болды.

Консерваторияның аяқталуы алдында, Мейірхан досының өтініші бойынша Mezzo тобына тыңдаудан өтті. Академиялық емес, эстрадалық орындаушы болғандықтан, көп үміті де болмаған еді, содан болар топ продюсері қоңырау шалғанда Мейрхан әрі қуана, әрі таңдана жауап берді. Топқа ол осылай қосылды, олардың X-Factor шоу бағдарламасына қатысуына жақын қалған болатын.

Бір жылдан кейін Мейірхан үзіліс алып, түрлі музыкалық бағыттарда өзін табуға тырысты: ән мен аспаптық музыка жаза бастады, магистратураны бітірді. Бірақ шығармашылық ізденіс оны Mezzo тобына қайта әкелді. «Мен бүгінде ағысы жылдам өзенге секірдім», - дейді Мейрхан топқа оралғаннан кейін өз әсерімен бөлісіп. «Қазір ұжымда әрқайсымызға кәсіби түрде өсіп, дамуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас орнаған».

© 2020 by MEZZO MUSIC   |   info@mezzo.kz   |   +77017203335

  • White YouTube Icon
  • White Instagram Icon
  • White Facebook Icon